Күнделікті айтылып, күнәдан тазартатын 5 зікір

Күнделікті айтылып, күнәдан тазартатын 5 зікір

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – өз-өзіңе, жасаған амалдарыңа есесп беріп, өз өмірің туралы ойланатын уақыт, былайша айтқанда, өз болмысымызды қайтадан ретке келтіру кезеңі. Мүміндер үнемі өзімізге есеп беруде боламыз - Алладан бізді ненің алыстататыны жөнінде ойлану, жаман ойлардан, ниеттерден арылу –өз болмысымызды, қателіктерімізді түсінуге септігін тигізеді. Қателіктер мен күнәлар біздің алдымыздан Алла Тағаланың мейірім есіктерін жауып тастатпайды, ал қамсыз болу Алланың кешіріміне қол жеткізуден айырады.

Алла Елшісі (ﷺ) мүміндерді тәубеге келу арқылы, жандарын тазартуға үндеген. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, оларбұрынашықадасудаеді» (3:164).
Төменде күнәдан тазартатын 5 зікірді келтіреміз:                                                                   1. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім әр намаздан кейін 33 рет  «Субханалла», 33 рет «Әлхамдулиллә», 33 рет «Аллаху Акбар» айтып, ал содан кейін «Ля иляхаилляллаху ...» дейтін болса, оның күнәсі теңіздің көбігінен көп болса да кешіріледі» (Мүслим).

2. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім күніне 100 рет: «Ля иляха илля-ллаху уахдаху ля шарика лях, ляху-ль-мульку уа ляху-ль-хамду уа хууа аля кули шей’ин кадир» айтатын болса, сол он құлды азат еткендей сауап алып, жүз жақсы амал жасады деп жазылып, жүз жаман амалы өшіріледі әрі сол күні кеш батқанша шайтаннан қорғайды, оның жасағанынан артық ешкім жасай алмайтын болады» (Бұхари, Мүслим). Хадистердің бірінде егер адам күніне 100 рет «Субханаллахи уа бихамдих» деп айтса, оның күнәсі мұхиттың көбігіндей болса да кешіріледі делінген (Бұхари).

3. Көп сөйлеген сайын біздің күнә жасауымыз артып отырады, мысалы үшін, бос сөз, өсек-аяң және т.б. Осындай күнәлардан бойымызды аулақ салу үшін Алла Елшісі (ﷺ) мүміндерге келесі зікірді өсиет еткен: «Кімде-кім жиындарға қатысып, қажеті жоқ сөздерге тартылса, мына дұғаны айтсын: «Субханака Аллахумма уа бихамдика, ашхаду ан ля иляха илля анта, астагфирука уа атубу иляйка», сонда әлгі адам сол жиында әдейі жасалған күнәлары үшін кешірілетін болады» (Тирмизи).

4. Сад Ибн Әбу Уаккас Алла Елшісінің(ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім азан шақырылғанда: «Әшхаду алля иляха илляллаху уахдаху ля шарикя ляху ва энна мухаммадан абдуху ва расулюху радыйту билляхи раббан ва бимухаммадин расулян ва биль-ислями динан» деп айтса, соның күнәсі кешіріледі» (Мүслим).

5. «Кімде-кім «Ля иляха илляЛлаху, вахдаху ля шариика лях, лахуль-мульку, ва лахуль-хамду, ва хува аля кулли шайъин къадиир. Субханаллахиваль-хамдулилляхива ля иляхаилляллахуваллахуакбар. Ля хаулява ля кувватаиллябилляхильаллахильазым, рабби гфирли» деп айтса, ол кешіріледі, ал егер ол Аллаға дұға жасаса, оның дұғасына жауап беріледі» (Сунан ибн Маджа).Жоғарыда келтірілген зікірлерді айту арқылы, мүмін өзінің шынайы хал-ахуалын сезініп, Өз құлдарын кешіріп, оларға Өзінің Мейірім және Кешірім есіктерін ашатын Алла Тағаламен байланысын нығайтады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: