«Һибатулла Тарази» медресесінің түлегі имам болып тағайындалды

«Һибатулла Тарази» медресесінің түлегі имам болып тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамағатты артына ұйытып, ең маңызды діни сенімге келгенде дұрыс бағыт-бағдар беру имамның қызметі. Халқымыз ертеректе жас балаларға бата бергенде, алғыс білдіргенде "молда бол!" дейтін. Өйткені, діни көшбасшы болу аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Осындай игі қызметке жастардың орналасуы да күн санап артып келеді. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысы,  Қордай ауданы, Сортөбе  ауылы «Аюб-Ансари» мешітіне «Һибатулла Тарази» медресесінің  2017 жылғы түлегі Масанло Малик имам болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Харсанов Шерба Жамбыл облысы,  Қордай ауданы, Сортөбе  ауылы «Дінислам» мешітіне имам болып тағайындалды. 

Қордай ауданындағы жаңа тағайындаулар ауданның діни ахуалын жақсартуға өз септігін тигізеді дейтін үкілеген үміт бар. Жаңа имамдарды орналастыруға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы іс сапары барысында барып, бұйрықтарын табыстап, жұмыстарына жеміс тіледі.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: