Дінтану магистрі қарилар орталығының директоры атанды

Дінтану магистрі қарилар орталығының директоры атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Масаншы ауылында орналасқан «Қордай қариларын дайындау орталығына» Шерниязов Ғалымжан Сайлауұлы директор болып тағайындалды. Жас та, білікті маман облысымызда мықты қариларды тәрбиелеп, сапалы білім беруде өз үлесін қоспақ.

Айта кетейік, Қарилар дайындау орталығына тағайындалған жаңа басшы Алматы қаласы 2010-2013 жылдары «Шет тілдері және іскерлік карьерасы» университетінде «Дінтану» мамандығын бакалавр негізінде,  2015-2017ж «Шет тілдері және іскерлік карьерасы» университеті «Дінтану» мамандығының магистратурасын тәмәмдаған.

 Ғалымжан Сайлауұлы осы күнге дейін 2003-2008 жылдар аралығында Алматы қаласы «Арын қажы» мешітінде ұстаз, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылы «Әл-Хафиз» мешітінде имам, 2019 жылдан бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы Өтеген ауылы «Өтеген» мешітінде имамдық қызметін абыроймен атқарып келген болатын.

Асқар Зәкіржанұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: