Облыс имамының Қордайға бірінші сапары

Облыс имамының Қордайға бірінші сапары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Қордай ауданына алғашқы іс-сапарын жасады. Бас имам өңірдегі діни ахуалды реттеу жұмыстарын іскерлік кездесуден бастады.

Жиынға Қордай ауданының әкімі Рустем Дәулет Рысбайұлы мен Аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы Біржан Әлімбет, Жамбыл облысының құрметті азаматы Сугірбаев Төле Аманжолұлы және мешіт ақсақалдары қатысты. Алқалы жиында ауданның діни жай-күйіне қатысты түрлі түйіткілді  мәселелер көтеріліп, түйіні тарқатылды.

Мәжіліс қатысушылары тарапынан ұтымды ұсыныстар айтылып, пікірлер ескерілді. Қордай ауданына қажетті бірнеше өзгерісер, тағайындаулар мен қойылар талаптар тілге тиек болды. Күрделі жайттардың шешімі қарастырылып, осы жылы атқарылатын істердің жоспары жасалды. Бас имам алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауды үндеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: