"Нұр Мүбарак" университетінің түлегі ауылға имам болды

"Нұр Мүбарак" университетінің түлегі ауылға имам болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Нұр Мубарак" университетінің түлегі "Булар батыр" ауылына имам болып тағайындалды.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Булар батыр  ауылы «Булар батыр иман» мешітінде  Вансынбо Нурдин Щербаевич имам болды.

Еліміздегі діни бағыттағы нөмірі бірінше оқу орнын бітірген, жас әрі білікті маман, 2015 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Мисбахул ислам» мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келген. 

Жас имам ауылдың діни сауатын арттыруда бар білімін салуға ниетті.

Асқар Зәкіржанұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің  баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: