Біз біргеміз!

Біз біргеміз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырым қылсаң қайырын өзің көресің демекші, Шу аудандық Төле би мешітінің жанындағы «Қайырымдылық қоры» Шу ауданда тұратын жағдайы төмен 20 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті.

Атап айтатын болсақ, Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұймыдастыруымен «Біз біргеміз» акциясы аясында, аталмыш қордың жанашырларымен бірлесе отырып, ауданда тұрып жатқан, жағдайы төмен отбасыларға,көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерін аралап, әр отбасына тиесілі 50кг ұн, 1 қап пияз, 4кг макарон, 2кг күріш, 2лт сұйық май, 1 қызанақ пастасы, 1 қою сүт, 2 пачка шәй, 1 пачка қант, 1 манный каша, 5кг картоп, 3кг сәбіз, 10шт кеспе, 1кг печенье, 1кг пряник, 0.5гр конфет табыс етілді. Жалпы жұмсалған қаражат саны 400.000 тг құрады.

Осындай игі іс-шараның куәсі болған аудан тұрғындары, қайырым қолын созған жомарт жанды азаматтарға көздеріне жас алып, разылықтарын жаудырды.

Талғат Кәрібайұлы

 Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: