Бас Мүфти үндеуі: Жамбылда 86 отбасыға қайырымдылық жасалды (ВИДЕО)

Бас Мүфти үндеуі: Жамбылда 86 отбасыға қайырымдылық жасалды (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде пандемияға байланысты Қостанай облысынан басқа барлық облыстарда карантин жағдайы енгізілуде. Осыған байланысты, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне орай  Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешіті мен Тараз қаласының еріктілері бірігіп, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жұмыссыз қалған жанұяларға көмек ретінде азық-түлік үлестірді.

Карантинге байланысты өткен қайырымдылық шарасында жалпы 86 пакет жасалды. Игі іске мұрындық болып, белсене бел буып кіріскен азаматтар қажеттіліктерді әр шаңыраққа өздері жеткізді. 

Айта кетсек, қайырымдылық қалтасында 5 кг ұн, күріш, макарон, шай, май, қант, колбаса, қара құмық, бұршақ, шаруашылық заттар, тіпті дәретхана қағазына дейін қамылған. 1 пакет 7-8 мың көлеміндегі қаражатты құрайды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: