ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“ Жүз жылдығын ойлаған ұрпақ ағаш отырғызады”,-дейді ата-бабаларымыз. Өнегелі өсиетті көңіліне тоқыған аудандағы атымтай азаматтардың демеушілік көмегімен “Қаратау” орталық мешітінің айналасына  жеміс ағаштары отырғызылды. Сауапты іске мешіт қызметкерлері мен имандылық жолын ұстанған жамағат атсалысты. Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген шапағатты шараны аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың өзі арнайы көріп, қолға алынған іске тілеуестігін білдірді. Жалпы, ізгілікке толы іс Қасзақстан Діни басқармасының 30 жылдығына байланысты “30 игі шара” аясында жүзеге асырылып отыр. Жүйелі жұмыс жоспарға сәйкес алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Хадис шәрифтердің бірінде: “Отырғызылған ағаштың көлеңкесін адамдар паналайтын болса, ағашты еккен адамдар үшін сауап жазылады. Ол ағаштың неғұрлым пайдасы көп иетін болса , сауабы да соғұрлым көп болады”,-делінеді.

 

Талас аудандық «Қаратау» мешітінің баспа сөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: