Алматыға "Жүректен жүрекке" қайырымдылық керуені жол тартты

Алматыға "Жүректен жүрекке" қайырымдылық керуені жол тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемге үрей тудырып, сан мыңдаған адамды бақилық етіп, жайылған үстіне күшейе түскен COVID-19 індеті еліміздің Нұр-сұлтан, Алматы қалаларында жұқтырғандар санымен көш бастап тұр. Қалаға енгізілген карантин жағдайына байланысты тұрғындар үйден шықпауға міндеттелді. 

Осы орайда, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек ретінде Тараз шаһарынан Алматыға "Жүректен жүрекке" қайырымдылық керуені аттанды. Жамбыл жамағатының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел болып пандемия жағдайында үйден шыға алмай отырған қазақстандықтарға жасаған жәрдемі, бұл.

Тараздан аттанған керуен 30 тонна азық-түлікті арқалап барады. Алматыға жете салысымен керек-жарақтар тиісті орынға тапсырылады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: