ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АНАЛАРҒА УАҒЫЗ АЙТТЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АНАЛАРҒА УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары Қолағұлова Жібек пен Мирзаева Санталат ұстаздардың ұйымдастыруымен құрметті аналар мен Құран үйренуші шәкірттерге арнайы уағыз айтылды. Уағызды Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахметов «Муджадиля» сүресінің тәпсірімен бастады. Ислам дінінің келуімен ананың және әйел кісінің дәрежесінің өскендігін, шариғатымызда ерекше құрмет көрсетілетінін баяндады. «Ана - бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Өнегелі ұрпақ тәрбиесінің кілті аяулы аналар қолында.

Жиын соңында әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Гүлжан Серікқызы сөз сөйледі.

Бір ай бойы шәкірттер бірлесіп түсірген хатым Құранның дұғасын осы жолы Ғазиз Нұртайұлы бағыштап, ата-бабалар рухына дұға етті.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: