Қордайда ауқымды зерделеу жұмыстары басталды

Қордайда ауқымды зерделеу жұмыстары басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен құрылған «Бейбітшілік және келісім» жобасы бойынша Қордай ауданын зерделеу жұмыстары басталды. Арнайы құрылған топ 5 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Түрлі саладағы өз ісінің шеберлері мектеп, колледж сынды оқу орындарында, әлеуметтік нысандарда, спорт мәселесінде, рухани нысандарда жұмыстар жасамақ.

Діни бағыт бойынша ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл мен найб имамдары, Дін істері басқармасы барлық мешіттерді аралап, халықпен кездесіп, жамағатқа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгін бейсенбіде басталған жұмыс келер аптаның сейсенбісіне дейін жалғасын табады.

Жоба аясында Қордай ғана емес барлық аудандар қамтылып, тексеру жүргізілмек.

Дін саласы мен діни ахуалға байланысты атқарып жатқан жұмыстарды зерделеу мен талдауда Қордай ауданы бойынша Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қаракемер, Қарасай, Қарасу, Ноғайбай, Алға, Кенен, Отар, Қордай, Үлкен сұлутөр, Сұлутөр, Қасық, Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ, Степное ауылдары мен Штаб кезекте тұр.

Ал зерделеу жұмыстарында не қаралады, не ескеріледі? Атап айтар болсақ, мешіттің құрылысы (типтік немесе типтік емес) авариялық жай-күйі, жылыту жүйесімен жабдықталуы, іші мен ауласының тазалығы; Бейне бақылау жүйесі: сақтау жады, камера саны, жұмыс істеу деңгейі; Мешіт атауының сыртқы жазуы, құжат айналымы қай тілде; Мешіттердегі техникалық қауіпсіздік шараларының сақталу деңгейі, мешітке қосалқы ғимараттардың жай-күйі; Неке қию жайлы журналдың бар-жоғы; Мешіт және дін қызметкерлері туралы құжаттар, білім деңгейі, тіл білуі, т.б; Күнделікті 5 уақыт намаз бен жұма намаздарына келушілердің сан-сапалық құрамы, жас ерекшелігі, ұлты; Діни уағыздардың ҚМДБ бекіткен тақырыптарға сәйкестігі; Уағыздың жүргізілу тілі; Тыйым салынған немесе басқада ұйымдар туралы ақпараттар; Сауат ашу курсы, қатысушылар статистикасы; Мешіттегі кітап қоры: жазба тілі, атауы, авторы; Діни неке қидырғандардың АХАЖ базасында бар-жоғы; Мешіт имамы жайлы жамағаттың пікірі, т.б, мәселелер тексерілуде.

Жоба аясында Жамбыл облысының барлық өңірі толықтай бақылаудан өтіп, қорытындылар жасалып, келеңсіздіктер реттелмек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: