"Рамазанға сағыныш": Өнер қырандары Жамбылда өнер көрсетті

"Рамазанға сағыныш": Өнер қырандары Жамбылда өнер көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Баласағұн" орталық концерт үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен көпке әйгілі, ғибраты мол, әзілінің астары шындықпен, саналы ойға көмкерілген "Өнер қырандары" театрының "Берекелі мереке 6" атты кеші өтті.

Алда келе жатқан қасиетті рамазан айына дайындықты ражаб пен шағбан айларынан бастауды жөн көрген мешіт қызметі осынау айтулы мерекелік кешке халықты шақырды. Өйткені, иманыңа рух, ойыңа ақыл беретін мәдени жиында түрлі шариғи тақырыптарда көріністер, ән-термелер қойылды, айтылды. 

Концерттік жиын бір күнде 2 сеанспен көрерменге жол тартты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл мерекелік жиында сөз сөйлеп, келе жатқан Рамазан айы, ұлттық наурыз мерекесі жайында тілге тиек етті. Игілікті насихаттайтын жас театрға жылы лебізін білдіріп, жетістіктер мен жеміс тілеп,  алғыс хатпен марапаттады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: