Облыс бас имамы Қордай ауданында жұма уағызын жүргізді

Облыс бас имамы Қордай ауданында жұма уағызын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстағы соңғы оқиғалар бүкіл Қазақстанды ду сілкіндірмей қоймады. Дін мамандарының да, жоғарыдағы ел қамын ойлаған ағалардың да назары қазір Қордай ауданында екені жасырын емес. 

Жамбыл облысының имамдары жағдайды бақылап, діни кездесулер, уағыз жиындарын осы өңірде көптеп өткізуде. Бүгінгі таңда аудандағы жағдай бірқалыпты. Тағы бір сондай кездесу өкіл имамның тікелей қатысуымен орын алды. 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл Қордай ауданы, Өтеген ауылдық мешітінде жұма уағызын айтып, намазын өткізді. Жоспарлы "Исламдағы әйел кісінің мәртебесі" тақырыбындағы үгітті үккіштен өткізгендей түсінікті һәм әсерлі жеткізді. 

Күндердің сұлтаны оқылатын жұма намазынан соң жамағатпен жүздесіп, ауылдың тіршілігімен, күй-жайымен хабар алысты. Ауыл жұртшылығы бас имамның келіп, насихат жасап жүргеніне дән риза болды. 

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: