Жамбыл облысының имамдарына аттестация басталды

Жамбыл облысының имамдарына аттестация басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін маманы болу - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе халықты намазда және басқа да діни рәсімдерде өзіне ұйытып, Жаратқанның бұйрығын орындауда имамдық ету үлкен жұмыс. Ал осы салт-санамыз бен руханиятымызда көшбасшы болып жүрген қызметкерлердің білімі, біліктілігі бүгінгі күннің басты талабы. 

Осыған орай, Жамбыл облысының орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде облыстағы барлық имамдар аттестациядан өтуде. Тестілеуді мамандар компьютер арқылы орындайды. Сынақ үшін ҚМДБ арнайы комиссия құрған болатын. Аталған комиссия құрамында төрағасы Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесші Балтабай Мекежанов, комиссия төраға орынбасары Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет пен Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Ержан Есім, Шариғат және пәтуә бөлімінің орынбасары Хасан Аманкұлов болды. 

Айта кету керек, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған "Жеті рухани қазық" Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы тәлімдік құжаты бойынша білім деңгейін анықтау, қызметкерлердің білімдерін жетілдіру, біліктілігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Тестілілеу 3 күн бойы жалғасатын болады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: