МОЛДА МҰХАМЕДЖАН МЕШІТІНДЕ ҚАЛА ИМАМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

МОЛДА МҰХАМЕДЖАН МЕШІТІНДЕ ҚАЛА ИМАМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Кезекті уағыз дастарханы Тараз қаласындағы «Молда Мұхамеджан» мешітінде жалғасын тауып, қала имамдары мен мешіт жамағаттары шақырылды. Жиын мақсаты-жамағат арасында бірлікті нығайту, ғибратты әңгімелер мен уағыздарды насихаттау.

         Көпшілікке Тараз қаласындағы «Әзрет Әли» мештінің бас имамы Амангелді Назербайұлы тақуалық жайында уағыз айтты.

         Алла тағала Құранда: «Кімде де кім Алладан қорықса, тақуа болса онда ол бір қиыншылыққа түскенде Алла оған шығар жол көрсетеді»- делінген. Таға бір аятта: «Кімде де Алладан қорықса, тақуа болса оған ойламаған жерден ризық береді»- деген.

«Тақуалық» сөзiнiң негiзгi мағынасы – «аз сөйлеу». Сонымен қатар, «сақтау», «қорғау» және «жеккөрiнiштi, әдепсiз, зиянды нәрседен аулақ болу» мағыналарына да сай келеді. Яғни, аяққа тікен кірмеу үшін қалай сақтансақ, күнадан да солай қорғану. Тақуа адам қайда болса да Алладан қорқады. Егер жамандық жасап қойған болса, Алла бізге жамандықтың соңынан ізгі іс ілестір және адамдармен жақсы мінез-құлықта қарым-қатынас жаса деп бұйырады. Білім мен ілім де мұсылманға тақуалықпен келетіні белгілі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қолын жүрегіне қойып: «Тақуалық мына жерде», деп жүрегін көрсеткен. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сахабалар жәннатқа ең көп қай амалмен кіруге болатынын сұрағанда тақуалық пен көркем мінез деп жауап берген.

Сондай-ақ, «Молда Мұхамеджан» мешітінің имамы Бақытұлы Нұралы бауырмашылдық туралы уағыз айтты.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: