Наиб имам сұхбатында ырым-тиымдар жайлы айтып берді

Наиб имам сұхбатында ырым-тиымдар жайлы айтып берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреев Jambyl телеарнасындағы "Кәусар" бағдарламасына қатысты. Білікті маман "Ырымдар мен тиымдар" тақырыбында шариғаттағы бұл мәселені қадау-қадау дәлелдермен түгелісіп түсіндіріп, түйінін тарқатты.

Әлденеге сенгіш тон терісін жамылған халықтың үйге қазықтай қағып, адыраспан, таға ілу секелді әдеттеріне көкірек көзді ашар нағыз білімді ой, сенім сенделтпей жөнге салатын сүбелі сөз айтты. Бағдарлама тізгінін ұстаған тілшінің сауалдарына жауап беріп, көз тиюден сақтану үшін жасалар діни жоралғыларды айтты. Имам тіл-көзден сақтануға бірдеме іліп, қызыл шүберекке я адыраспанға сол сияқты ақша шақырады деп сыпыртқы, жасыл я қызыл түсті дүниелерді, тасбақа, құрбақа сында мүсіндерге сенудің дұрыс емес, тіптен ол ширк болып саналатынын жеткізді. Ал жамандықтан сақтайтын тек дұға екенін тілге тиек етіп, қандай дұға оқу керектігін де түгендеп берді. 

Бұқара халықтың әдет-ғұрпына айналған, көкейкесті сауалы болған долбыр талқыға түскен сұқбат та қызықты жүргізілді. Ал оқырман бұл жайлы толық білгіңіз келсе, телеарнаны қарайлай жүріңіз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: