ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ АУЫЗАШТЫ

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫ АУЫЗАШТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде Миғраж оқиғасын былайша баян етеді: «Құлын (Мұхаммедті ғ.с.) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Масжид Харамнан біз айналасын мүбарак қылған Масжид Ақсаға апарған Алла, әртүрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз, Ол естуші, білуші».

 Хақ Елшісі (с.ғ.с.)  Ережеп, Шағбан, Мұхаррам, Шәууал айларында ауыз бекітіп, руханиятқа ерекше көңіл бөлген. Ережеп айының жұлдызы туғанда, Парасат падишасы (с.ғ.с.): «Уа, Ұлы Жаратушы! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!» деп дұға жасаған. Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) Ережеп пен Шағбан ұдайы ауыз бекітіп, нәпіл ғибадаттарды молынан атқарған.

ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары ұйымдастыруымен қасиетті «Ережеп» айына орай ауызашар берілді. Ережеп айында нәпіл ораза ұстаудың пайдалары жайлы айтылды. Сауат ашу курсының шәкірттері ықыласпен дайындалған түрлі тағамдарын ортаға қойып, бір-біріне қызмет көрсетті. Ислам діні - бейбітшілік діні. Мешіттегі әрбір іс-шараның мақсаты да әйелдер арасында сыйластықтық пен мейірімді арттыру. Жиын соңында мешіт ұстазы Мирзаева Санталат Құран оқып, дұға жасады.

Қонақтар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: