Имамдардың тестілеуге дайындығы пысықталды

Имамдардың тестілеуге дайындығы пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу аудандық Төле би мешітінің бас имамы, Аят қажы Дыбысұлының бастамасымен, аудандық мешітте, өңірімізге қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалардың қатысуымен, наурыз айында болатын имамдар аттестациясына байланысты дайындық өтті.

Жиын барысында аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы, ауыл молдаларына Нұрсұлтан қаласында 3ші имамдар форумында қабылданған 3 құжатты табыстап, сонымен қатар, Құран, Ақида, Фикх,Заңнама, және Сира ілімдерін қайталап жаттап жүрулерін ескертті.

Аталмыш жиында бас қосқан ауыл имам-молдалар тестілеуге байланысты бір шама сұрақтарын қойып, маңызды болған мәселелерді ортаға салып талқылады. Жиын соңында аудан имамы істеріне сәттілік, жақсы көрсеткіште өтулерін тіледі.

                                   

                                                    Талғат Кәрібайұлы

                                       Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: