Күң оқиғасы хадисіне талдау

Күң оқиғасы хадисіне талдау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлы Жаратушының жаршысы Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ислам ақидасының негізін, мән-мағынасын, мақсатын, діндегі алар орнын баяндап толық жеткізді. Үзеңгілес серіктері сахабалары да Ислам ақидасының саф күйінше сақталуына, толық, әрі дұрыс насихатталуына бар күшін салды. Олардан кейінгі ақжал толқын табиғиндер және таба-табиғиндер, сондай-ақ, Ислам ғұламаларының да ат салысуымен осы хақ сенім Ұлы Жаратушының құдыретімен бүгінгі күнге дейін сақталып, «әһлү сүнна уал жамаға» ақидасы болып бекіді. Ал, Хақ Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалыптастырған ақида шеңберінен шығушылардың пайда болуына әртүрлі саяси топтардың ортаға шығуы, Ислам қоғамы шекарасының кеңейуі, сан алуан ұлттардың исламға кіруі, көптеген  туындауы әсер етті. Бұлай бүлінушілік һижраның алғашқы жүз жылдығында пайда болды. Мұсылмандардың арасында көтерілген халифат мәселесі де олардың өзара бөлінуіне жол ашты. Бұл бөлінушілік саяси жағымен шектеліп қалмады, мұсылмандардың сенімі тұрғысынан да бөлінуге әкеп соқты.

Осы орайда қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналған күң оқиғасы туралы хадистегі «Алла қайда?» деген сауалдың астарын, қандай мәнде айтылғандығын, сондай-ақ, сол хадистің өзін хадис ғылымы тұрғысынан кеңінен тоқалмақпыз. «Күң оқиғасы» туралы хадисінің 7-түрлі тізбекпен келіп, хадис іліміндегі дінімізді таза сақтап, жалған хабарлардың еніп кетуінен қорғау үшін негізделген «Ғилму риуаяһ» және «Ғилму дираяһ» шарттарына сәйкес – әлсіз «дағиф», рауилерге қарама-қайшы «Шәз» және «Мұдтариб» хадис болып табылады.

Ислам ғұламаларының күң оқиғасы туралы хадис мәтінінің жеткізу жолдарына көз жүгіртіп, хадистің дәрежесін зерттеп, саралай отырып, салыстырып көрелік:


عن معاوية بن الحكم السلمي قال: كانت لي غنم بين أحد والجوانية، فيها جارية لي. فاطلعتها ذات يوم فإذا الذئب قد ذهب منها بشاة وأنا رجل من بني آدم فأسفت فصككتها فأتيت النبي فذكرت ذلك له فعظم ذلك علي، فقلت: يا رسول الله، أفلا أعتقها. قال: "ادعها" فدعوتها. فقال لها: أين الله؟ قالت: في السماء. قال: من أنا؟ قالت: أنت رسول الله . "رواه مسلم وأبو داود والنسائي"

 
Муслимнің жинағында Мағауия Ибн әл-Хакам әс-Сулламиден:

1. 
«Қойларымды Ұхұд пен әл-Жаууания таулары арасында жаятын бір күңім бар еді. Бір күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың сүйреп бара жатқанын байқадым. Мен де адам баласымын ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі күңімді бір қойдым. Содан соң Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанына келдім. Болған оқиғаны айтып бергенімде, Ол маған бұл істің үлкен күнә екенін айтты.

Мен: «Уа, Алланың Елшісі! Күңімді азат етейін бе?»,-дедім.

Ол маған: «Күңіңді алып келші»,-деді. Сөйтіп мен күңімді Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келдім. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Алла қайда?», – деп еді, ол: «Аспанда», – деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен кіммін?», – деді. Ол: «Сіз Алланың Елшісісіз»,-деп жауап берген болатын.

Бұл рауилерге қарама-қайшы
 «Шәз» хадис тұрғысында Әбу Фадл Бин Сиддиқ (Алла оны рахымына бөлесін) «Әл-Фауаид әл-Мақсуда фи Баян Ахадис әш-Шаза әл-Мардудә» (қайтарылған қайшы хадистер баянының мақсатының пайдалары) атты еңбегінде:

Ислам ғұламалары бұл хадисті «Шәз» деп қарастырған-ды. Өйткені бұл хадистің мағынасы пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (мүтәуатыр) жолмен жеткізгендеріне қайшы келеді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Исламды қабылдағысы келген адамнан – кәлима шаһадатты сұрайтын. Егер де осы екі сөзі қабылдаған кезде, онда ол Исламды қабылдағаны дейтін.

2. 
Муаттада келген Убайдауллаһ Ибн Утба Бин Масғудтан:
 
وفى الموطأ عن عبيد الله بن عبد الله بن عتبة بن مسعود:
أن رجلا من الأنصار، جاء إلى رسول الله صلى الله عليه وسلم بجارية سوداء، فقال:
يا رسول الله علي رقبتة مؤمنة، فإن كنت تراها مؤمنة أعتقها،
 فقال لها رسول الله صلى الله عليه وسلم:
أتشهدين أن لا إله إلا الله؟ فقالت: نعم.
قال: "أتشهدين أن محمدا رسول الله؟" فقالت: نعم
قال: رسول الله صلى الله عليه وسلم: "أعتقها"
وهذا هو المعلوم من حال النبي صلى الله عليه وسلم ضرورة،

Ансарлардан болған бір кісі пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қара күң әйелді алып келіп: «Маған бір құлды азат ету міндет»,-деді. Сонда: «Егер де оның мұсылмандығына көзің жеткен болса, онда босат»,-дейді. Сонда Алланың Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құлға:

- Алладан басқа тәңір жоқ екендігініе күәлік етесің бе?
-Йә,-деді.
- Мұхаммед Алланың елшісі екеніне күәлік етесің бе?
-Йә,-деді.

Сонда Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны босат»,-деді.
الأربعين فى دلائل التوحيد من طريق سعيد بن المرزبان عن عكرمة عن ابن عباس،
قال! جاء رجل إلى النبى صلى الله عليه وسلم ومعه جارية أعجمية سوداء فقال:
علي رقبة فهل تجزيء هذه عنى؟ فقال: أين الله؟ فأشارت بيدها إلى السماء،
فقال: من أنا؟ قالت: أنت رسول الله. قال: أعتقها فإنها مؤمنة.

3. Әл-Хафиз Әбу Исмағил әл-Һарауи «Арбағин фи Дәләил Таухид» (Таухиттің 40 дәлелі) атты еңбегінде Сағид Бин әл-Марзабаннан, Икримадан, Ибн Аббастан 
(Оған Алла разы болсын):
Бірде пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қара күң әйелді ертіп алған бір кісі келіп: «Бір құлды азат қылуым керек, мына құлды азат етсем, міндетім мойнымнан түсе ме?»,-деп сұрады.

Сонда Ол (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Алла қайда?,-деп сұрады.

- Аспанға саусағын қаратып тұрып: «Аспанда»,-деген болатын.
-Сосын: «Мен кіммін?».
-Сіз Алланың елшісісіз,-деген болатын.  Сосын пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны босатыңдар»,-деді.

Бұл «Шәз» және «Дағиф» (Әлсіз) хадис. Өйткені тізбектегі Сағид Бин әл-Марзубан – мәтрук хадис, яғни жалған хадиспен айыпталғандықтан хадисі қабылданбайды.
Ал мәтрук дегеніміз – тізбегінде жалғандықпен айыпталған рауиі бар хадис[1]. Хадистану ғылымына сай хадис жеткізуші – әл-Марзубан жалғандықпен айыпталған. Сондықтан рауиідің хадисі – мәтрук.

Сол сияқты, Мағауиядан жеткен хадиске қарсы  екі хадис келген. Бұл хадистің «Шәздігін» қуаттай түседі.

فروى البيهقى فى السنن من طريق عون بن عبد الله بن عتبة حدثنى أبى عن جدي قال:
جاءت امرأة إلى رسول الله صلى الله عليه وسلم وآله وسلم بأمة سوداء، فقالت: يا رسول الله ان علي رقبة مؤمنة أتجزيء عني هذه؟ فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم وآله وسلم: من ربك؟ فقالت: الله ربي. قال: ما دينك؟ فقالت: الإسلام. قال: من أنا؟ فقالت: أنت رسول الله، قال: أفتصلين الخمس وتقرين بما جئت به من عند الله؟ فقالت: نعم. فضرب صلى الله عليه وسلم على ظهرها، قال: "أعتقها".

Әл-Байһақидің «Сунан» атты еңбегіндегі – Аун Бин Абдуллаһтан, Жудди
:

Бірде пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қара күң әйелді ертіп алған бір кісі келіп: «Маған мұсылман құл азат ету міндет болды, мына құлды азат етсем міндетімнен құтыламын ба?»,-деп сұрады.

Сонда пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

- Раббың кім?,-деп сұрады.
-Раббым – Алла,-деді.
-Дінің не?
-Дінім – Ислам.
-Мен кіммін?
-Сіз Алланың елшісісіз!
-Бес мәрте намаз оқып, маған Алладан түсірілгенді мойындайсын ба?
-Йә,-деді.
-Пайғамбарымыз оның арқасынан қағып: «Оны босатыңдар»,-деген болатын.

وروى أيضا من طريق حماد بن سلمة عن محمد بن عمرو عن أبى سلمة عن الشريد بن سويد الثقفى، قال: قلت: يا رسول الله ان أمي أوصت إلى أن أعتق عنها رقبة، وأنا عندي جارية نوبية فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم "ادع بها" فقال: "من ربك؟" قالت: الله. قال: فمن أنا؟ قالت: رسول الله. قال: "أعتقها فإنها مؤمنة".

4. 
Сол сияқты Хаммад Бин Сәләмәның риуаятында, Мұхаммед Бин Омардан, Әби Сәләмәдан, Шурейд Бин Суейд әс-Сақафидің:

«Уа, Алланың Елшісі! Маған анам өзінің атынан бір құл азат қылуды өсиет қылған болатын, менің күңім бар еді.

Сонда Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Оны алып кел»,-деді. Оған: «Раббың кім?»,-деп сұрағанда, күң әйел: «Алла»,-деді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Мен кіммін?,-деп сұрағанда, ол: «Сіз Алланың елшісісіз»,-деп жауап бергенде, пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 

«Оны азат қылыңдар, ол мұсылман»,-деген болатын.

وجاءت الحديث ثالث، قال أحمد قى المسند: ثنا عبد الرزاق ثنا معمر عن الزهري عن عبيد الله بن عبد الله عن رجل من الأنصار: أنه جاء بأمة سوداء. وقال: يا رسول الله أنا علي رقبة مؤمنة فإن كنت ترى هذه مؤمنة أعتقها، فقال لها رسول الله صلى الله عليه وسلم وآله وسلم:
أتشهدين أن لا إله إلا الله؟ قالت: نعم، قال: أتشهدين أني رسول الله؟ قالت: نعم، قال: أتؤمنين بالبعث بعد الموت؟ قالت: أعتقها.
(ج 3 ص 401، وهذا الحديث، وصل لمرسل الموطأ)

5. Үшінші хадисте келген бойынша – Имам Ахмад «Муснадында»:

Абдур-Раззақтан, Муғаммардан, әз-Заһриден, Убайдулла Бин Абдуллаһтан, Ансарларлардан болған бір кісі күң әйелен келіп:

«Уа, Алла елшісі! Мен бір күңді азат қылайын деп едім. Егер де Сіз оны мұсылман дессеңіз, мен оны азат қылайын»,-деді.

Сонда пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

- Алладан басқа тәңір жоқ екеніне күәлік етесіз бе?
-Йә,-деді.
-Мені Алланың елшісі екеніме күәлік етесіз бе?
-Йә,-деді.
-Өлгеннен кейін қайта тірілуге сенесіз бе?
-Йә,-деді.
-Оны азат ет!,-деген болатын.

Бұл хадис «Муаттадағы» мурсалда келген.

وقال البزار: حدثنا مجد بن عثمان ثنا عبيد الله ثنا ابن أبى ليلى عن المنهال بن عمرو عن سعيد بن جبير عن ابن عباس قال:
أتى رجل النبي صلى الله عليه وسلم فقال: أن علي أمي رقبة، وعندي أمة سوداء؟ فقال صلى الله عليه وسلم:
 "ائتني بها" فقال لها رسول الله صلى الله عليه وسلم "أتشهدين أن لا إله إلا الله وأني رسول الله؟" قالت:نعم. قال: "فأعتقها".

6. 
Әл-Баззар: Мажид Бин Осман, Убайдулла, Ибн Әбу Ләйли – әл-Минһал Бин Омардан, Сағид Бин Жубайрдан, Ибн Аббастан: Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келіп:

Менің анам құл азат етуге міндетті, ал менің қара күңім бар еді, Сонда пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Онымен бірге кел,-деді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Алладан басқа тәңір жоқ, мен Алланың елшісі екеніме күәлік етесің бе?,-дегенде, ол: «Йә»,-деп жауап бергенде, Ол (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Оны азат ет!,-деген болатын.

Шынтуайында, Хақ Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жебрейіл (Оған Алланың сәлемі болсын) сауалдары хадисінде – иман рүкіндері жөнінде баяндаған болатын:

أن النبي صلى الله عليه وسلم وآله وسلم بين أركان الإيمان، فى حديث سؤال جبريل، حيث قال: "الإيمان أن تؤمن بالله وملائكته وكتبه ورسله واليم الآخر وتؤمن بالقدر خيره وشره"
ولم يذكر فيها عقيدة أن الله فى السماء.

«Маған иман жайлы айтып бер», – деген сауалына пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – дегенде: «Дұрыс айтасың», – деген болатын.

Сондай-ақ, онда Алла Тағала аспанда деген ақиданы айтпаған болатын.

Мұндағы айтылған сенім тұғырында серік қосуды тыйып, таухидті бекітіп тұрғаны жоқ. Сондай-ақ, пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны қалайша сипаттады?

Кезінде мүшріктер Алланы аспанда деп сеніп, жердегі тәңірлерді серік қылған болатын. Хусейн Бин Атаба немесе Ибн Убайд Уалид Имраннан: «Қанша тәңірге табынасын»,-деп сұрағанда, олар: «Жерде алтау, аспанда - біреу»,-деп жауап берген болатын.

Перғауын Алланы аспанда деген сеніммен һаманға (Ғафир сүресі, 36-аят):

وَقَالَفِرْعَوْنُيَاهَامَانُابْنِلِيصَرْحاًلَّعَلِّيأَبْلُغُالْأَسْبَابَ

«Перғауын: «Әй, Һаман! Маған бір мұнара жаса. Бәлкім жолдарға жетермін»,- дейді.

Мұнымен қоса ол қаумына (Қасас сүресі, 38-аят):

مَاعَلِمْتُلَكُممِّنْإِلَهٍغَيْرِي

Перғауын: “Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін.

Ислам ғұламаларының жамағатында «Құдайдың аспанда» дегені тікелей мағынасында емес. Алайда, астарлы мағынасындағы «Үстемдік» ұғымын білдіреді. 
Әл-Бажи – күң әйел тұрғысында:

«Мұндағы аспанда сөзі – үстемдік мағынасында сипатталған. Сондықтан үстем болғандығымен сиаптталған. Мәселен: Пәленшенің орны аспанда дегенінде – жағдайы мен халінің үстем болғанды айтады»,-деген. Осылайша Шафиғия табақатында келген[2].

Әбу Фадл Бин Сиддиқтың (Алла рыхымына бөлесін) «әл-Фауаид әл-Мақсуда» атты еңбегінде «Күң әйелдің – Алла аспанда» деген хадисін «Шәз» және «Әлсіз» хадистер санатына жатқызған болса, Имам Байһақи (Алла рахымына бөлесін) «Мұдтариб» хадистерге жатқызған.

Ислам ғұламаларының дәйектеріне негізделе отырып, Имам Бәйһақи (Алла оны рахымына бөлесін) айтқандай Муслимнің әу бастағы нұсқасында жоқ болсын, не бар болсын, жалпы алғанда бұл хадистің «мұдтариб» хадис екендігінде дау жоқ. Себебі, хадистегі Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күңге қарата қойған «Алла қайда?» деген сауалы Абдур-Раззақтың мұсаннафындағы сахих хадисте «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзбен жеткізілген. Ал Хиббанның сахихында күңге қатысты сауал «Раббың кім?» деген сөзбен риуаят етілген. Сондай-ақ, күң оқиғасы Ата ибн Иасардан жеткен риуаятта Алла Елшісінің күңнен «Алла қайда?» деп емес, «Аспанда кім» деп сұрағандығы айтылған [3].

Жоғарыда келтіргеніміздей дәрежесі деңгейлес хадистердің әртүрлі сөзбен риуаят етілуіне «мұдтариб» хадис делінеді. Ал мұдтариб хадисті жеткізушілердің тізбегі толық болса да, мазмұнындағы аталмыш «мін» оның сахих болуына кедергі келтіреді. Сондықтан, «мұдтариб хадистің» ақида мәселесінде, оның ішіндегі ислам ғұламаларының бір ауыздан «Алла мекенсіз» деген берік ұстанымдарына қайшы көзқарасқа дәйек болуы былай тұрсын, жалпы мәселелерге де дәлел ретінде жарамайды. Ендеше, осындай бір ғана «мұдтариб» хадиске сүйеніп, мекенсіз Аллаға «мекен таңу» әсте дұрыс емес.

Бұған қоса күң оқиғасына қатысты хадистердің ішінде Абдур-Раззақтың мұсаннафындағы «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзбен жеткізілген хадисті қуаттайтын басқа да қисындық факторлар бар. Себебі, кісінің иман келтіріп, келтірмегендігін анықтау үшін оның Алланың – бір, Мұхаммедтің – елші, өлім мен қайта тірілудің хақтығы һәм жұмақ пен тозақтың ақиқат екендігіне сеніп, сенбегендігін сұрап білу қажет. Міне, бұл қисынға келеді. Себебі, мұсылмандықты алғаш қабылдаған адамға айтқызатын алғашқы имани куәлік «Алладан басқа тәңірдің жоқтығына һәм Мұхаммед оның елші екендігіне куәлік етемін» деген сөз емес пе? Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз елшілерін түрлі тайпалар мен қауымдарды дінге шақыру үшін жібергенде, оларға «Алланың бір және Мұхаммедтің елші екендігіне кәуелік келтіруге шақырыңдар» дегені көптеген сахих хадистерде айтылған. Оның ешбірінде Алланың аспанда екендігіне куәлік етуге шақырып әрі оны иманның белгісі ретінде қабылдауды айтпаған.

Ал енді хадисті «мұдтариб» деп танымай-ақ, сахих хадис ретінде қабылдағанның өзінде ешбір ислам ғұламасы бұл хадис арқылы «Алла аспанды мекен тұтады» деген шешімге бармаған.

Имам ән-Нәуауидің (Алла рахымына бөлесін) жоғарыдағы Муслимдегі хадиске қатысты түсіндірмесін келтірейік
. Ол былай дейді:

قوله - صلى الله عليه وسلم - : ( أين الله ؟ قالت في السماء قال : من أنا؟ قالت : أنت رسول الله قال : أعتقها فإنها مؤمنة ) هذا الحديث من أحاديث الصفات ، وفيها مذهبان تقدم ذكرهما مرات في كتاب الإيمان . أحدهما : الإيمان به من غير خوض في معناه ، مع اعتقاد أن الله تعالى ليس كمثله شيء وتنزيهه عن سمات المخلوقات . والثاني تأويله بما يليق به .

Бұл – Алланың сипатына қатысты хадис. Мұндағы мәселе жөнінде екі көзқарас бар. Бұл екі көзқарас «иман» тарауында  талай рет айтылды.

Біріншісі: Алла Тағалаға еш нәрсенің ұқсамайтынын әрі Оның жаратылғандарға тән ерекшеліктерден пәк екеніне сене отырып, айтылған сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман келтіру.
Ал екіншісі, Аллаға лайық келетін сипатта жорамалдау. Бұл көзқарастағылар былай дейді:
 
فمن قال بهذا قال : كان المراد امتحانها ، هل هي موحدة تقر بأن الخالق المدبر الفعال هو الله وحده ، وهو الذي إذا دعاه الداعي استقبل السماء كما إذا صلى المصلي استقبل الكعبة ؟ وليس ذلك ؛ لأنه منحصر في السماء كما أنه ليس منحصرا في جهة الكعبة ، بل ذلك لأن السماء قبلة الداعين ، كما أن الكعبة قبلة المصلين، أو هي من عبدة الأوثان العابدين للأوثان التي بين أيديهم ، فلما قالت : في السماء ، علم أنها موحدة وليست عابدة للأوثان.

«Пайғамбарымыз «Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін айқындамақ болған. Яғни, барлық жаратылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған жаратушының жалғыз Алла екендігіне, намаз оқығанда кісінің қағбаға бет бұратыны секілді, дұға жасаушының тілек тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта Алланың қағбаның ішінде болмайтыны секілді,  қолды аспанға жайған кезде де Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше қағба намаз оқушылардың құбыласы болғаны тәрізді, аспан да дұға етушілердің құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергеннен кейін оның пұтқа табынушы емес, бір Аллаға сенетіндігін айқындады».

Имам ән-Нәуауи (Оны Алла рахымына бөлесін) бұл мәселеге қатысты сөзін мәшһүр ғалым әл-Қади Ғиадтың былай деген сөзімен жалғастырды:

قال القاضي عياض: لا خلاف بين المسلمين قاطبة فقيههم ومحدثهم ومتكلمهم ونظارهم ومقلدهم أن الظواهر الواردة بذكر الله تعالى في السماء كقوله تعالى : أأمنتم من في السماء أن يخسف بكم الأرض ونحوه ليست على ظاهرها ، بل متأولة عند جميعهم ، فمن قال بإثبات جهة فوق من غير تحديد ولا تكييف من المحدثين والفقهاء والمتكلمين تأول

«Мұсылмандардың фиқһтанушылары, хадистанушылары, сондай-ақ,  кәлам ғұламалары болсын, тіпті, діни үкімді басқалардан алатын қарапайым мұқаллидтері болсын барлығы дерлік «Аспандағының сендердің үстеріңе жерді төңкере салуынан қорықпайсыңдар ма?» деген аяттар секілді мұндай «Алла аспанда» делінген сөздердің тура мағанасының мұрат еместігін бірауыздан айтқан. Мұндай сөздердің тура мағынасы мақсат болмағандықтан, барлық ғұламалар бойынша астарлы мағынасында (тәуил) жасалған» [4].

Муслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған ғалым әл-Мазири де жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді:

«Пайғамбарымыз күңнің мұсылман болып, болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары саналатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы қажетін өз құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз Аллаға сенетіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне, сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы келді. Сөйтіп, оның түсінетін тілімен сөйлесті. Сосын ол жалғыз Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат етті. Құбылаға бет бұру – Алла Тағаланың қағбамен шектеулі екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі аспанмен шектеулі екенін де білдірмейді»[5].

Ендеше, хадис ілімі тұрғысынан аталмыш күң оқиғасы жөніндегі хадистің – «Шәз», «Дағиф» және «Мұдтариб» хадистер екеніне көз жеткізгеннен соң, хадистің бұл түрлеріне амал жасалып, жасалмауына анықтау үшін терминологиялық ұғымдарына тоқталамыз.

«Шәз»  (الحديث الشاذ)дегеніміз – Қабылданатын рауидің өзінен сенімдірек рауиге қайшы жеткізген хадисі. 

«Дағиф» (الحديث الضعيف) дегеніміз – Қабылданған (сахих немесе хасан) хадис шарттарының бірі яки бірнешеуі қамтылмаған хадис. Әлсіз хадистің үкімі – Алла Тағаланың есім сипаттарына қатысты риуаят етуге рұқсат етілмейді. 

«Мұдтариб»  (الحديث المضطرب)дегеніміз – дәреже жағынан тең бір-біріне қайшы жолдармен жеткен хадис. Демек, бір немесе бірнеше рауи тарапынан бір-біріне қарама-қайшы бірнеше жолмен келген және дәрежелері тең болғандықтан дұрыстығын таңдау немесе мағыналарын біріктіру мүмкін болмаған хадис[6].

Қорыта келгенде, Ислам ғұламаларының дәйек негіздерін саралай отырып, Ислам ақидасының ақиқаты бойынша күң оқиғасында келген «Алла аспанда» сөзінің ұғымын айқындап, сенім негіздерінің рүкіні бола алмайтындығын бекітеміз. Сондай-ақ, бұл хадистің әлсіз, қарама-қайшы және  «мұдтариб» санатынан болғандығынан – үкім шығарылмайды. Ал хадиске «мұдтариб» таңбасын баспай, сахих хадис деген басқа барша ғұламалар «Алла аспанда» деген сөзді жоғарыда имам ән-Нәуауидің (Оны Алла рахымына бөлесін) түсіндірмесінде көрсетілгендей «Алланың мекенсіздігін» негізге ала отырып, ол сөзден нендей мағына мақсат етілгенін Аллаға тапсырып, үнсіз қалу жолын таңдаған яки Алланың ұлықтығына лайық мағынада жорамал (тәуил) жасаған-ды [7].
 

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ақида пәні оқытушысы, ғылыми қызметкер, магистр
 ТӘЖІБАЕВ СЕРІК.
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің 2 курс магистранты, ғылыми қызметкер,  РИЗАБЕК БАТТАЛҰЛЫ.


[1]Қ.Құрманбаев. «Хадис ілімі». Алматы: Нұр-Мүбарак баспасы. 2010 ж. 300-б./266-б.

[2]Әбу Фадл Бин Сиддиқ. «Әл-Фауаид әл-Мақсуда фи баян Ахадис Шаза Мардуда». 152-б. /87-91-б.

[3] Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-Хабир,«Құртуба» және «Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.448-бет.

[4]Мұхиддин ән-Нәуауи. әл-Минһәәж Шарх сахих Муслим ибн әл-Хажжаж, 5-6 том.  «Дарул-мағрифа» баспасы, 2007 ж., 26-27 бет.

[5] Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-мәзаһибил-исламия, 403-бет. «Дәрус-салам» баспасы, Египет, 2007 ж.

[6]Қ.Құманбаев. «Хадис ілімі». Алматы. Нұр-Мүбарак. 2010. 300-б.

[7]Қ.Жолдыбайұлы. «Дін мен діл 2». Алматы.

____________________ 

Azan.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: