Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Мақсат Қайырғалиевпен кездесу болып өтті.
Нұр-сұлтан қаласынан арнайы келген білікті маман бесін намазынан кейін еркін тақырыпта уағызын жүргізді.
Көпшіліктің сұранысы бойынша қоғамдағы түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылып, шариғат тұрғысынан кеңес бірілді. Жиын соңында насихатты ұйып тыңдаған жамағаттың көкейкесті сауалдарына жауап берілді.
Ақерке Бекқұлова,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.