РАНТ мүшесі медресе студенттерімен жүздесті

РАНТ мүшесі медресе студенттерімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресесінде РАНТ мүшесінің жастармен кездесуі өтті. Тараз шаһарына Елордадан ат артып келген білікті маман, "Әзірет Сұлтан" мешітінің ұстазы Мақсат Қайырғалиев медресе студенттерімен өткен жиында көзі ашық, көкірегі ояу жастарды бей-жай қалдырмайтын, ой түйерлік сүбелі насихат айтты.

Жастармен сыр тартып, өз басынан өткен оқиғалармен, дін жолындағы іс-тәжірибесімен бөлісті. 

Жандүниеңді шымырлатып, мақсатқа жетуде үлкен мотивация боларлық құнды дүниелер сөз болған жүздесуде шәкірттер түрлі қызықты сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарға қанық болды. 

Айта кету керек, жамағат үшін Мақсат Қайырғалиевпен жүздесу бүгін яғни 13 ақпан бесін намазынан кейін жүргізілмек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: