Шу аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Жайсан ауылы «Жаңабай баба» мешітінде «Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымдар» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде қаланың бас имамы Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымдарды сөз етті. Атап айтқанда, Аль-Каида, Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы, Талибан қозғалысы,Тәкфир уәл-хиджра, Таблиғи жамағат т.б. сияқты. Ел аумағында тыйым салынған ұйымдардың әр қайсына тоқталып түсіндірді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі