Шу аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы қалалық кітапхана қызметкерлерімен кездесті.
Дөңгелек үстөлде қаланың бас имамы қоғамдағы діни жат ағымдар туралы сөз етті. Қазіргі таңдағы әртүрлі діни ағымдар және елімізде тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы айтып өтті. Сондай-ақ жат ағымдағылардың сипаты, қоғамға келтіретін зиянына тоқталды.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі