Мехмет аға бір күні Фуат әкіммен бірге отырғанда көзі әкімнің қолындағы жарқырап тұрған жүзігіне түсіп кетеді. Жүзікке біраз уақыт көз алмай қарайды. Мұның бұл әрекетін көрген Фуат мырза: - Жүзікке қарап тұрсың ба? - деп сұрайды шыдамсызданып.
- Иә, мырзам. Тасы ерекше екен.
- Алмас қой.
- Әдемі екен. Бірақ оның қандай пайдасы бар?
- Ешқандай пайдасы жоқ.
- Өкінішті екен. Менің де әкемнен мұра болып қалған екі жұп тас бар; бір жылда маған елу алтын пайда түсіреді.
- Сен де айтады екенсің-ау. Ол қандай тас тағы?|
- Диірменнің тасы, мырзам! Мен сол тас арқылы һәм жанұямды асырап, һәм халықтың игілігіне жаратамын. Осылайша осы тасты жақсылық жолында қолданып келемін.
asyldin.kz