Умеялық халифалардың үлкені Омар бин Абдулазиз, мемлекетті басқарып тұрған дәуірінде құл ақысы мен әлеуметтік әділдік мәселесіне өте сақтықпен қарайтын. Халифаның бір көйлегінен басқа көйлегі жоқ, артық дәулет жинамайтын. Жақындарының біреуі Омар бин Абдулазизге бір алма тарту ретінде жібереді. Ол алманы біраз иіскеген соң, өзіне қайтарып береді. Алманы алып келген қызметшіге былай дейді:
- Оған былай деп айтып бар, алма орнын тапты.
- Ей, мүминдердің әміршісі! Алланың Елшісі (ﷺ) сыйды қабылдайтын еді ғой. Мына алманы жіберген сіздің жақын туысыңыз ғой, - деп себебін білмек болады.
- Иә, бірақ, Алланың Елшісіне (ﷺ) берілген нәрсе сыйлық болатын. Ал бізге берілген сыйлықтар пара болады, - деп жауап берген екен.
asyldin.kz