Имам Ағзамның насихаты

Имам Ағзамның насихаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

* Көшені жиналып отыратын орын ретінде қолданба!

* Дүкендерді сұхбаттасу орны ретінде таңдама!

* Пікір таласуда өзіңдікіні дұрыс шығару үшін қыңырлық көрсетпе!

* Әдепсіз, тәрбиесіз және тәртіпсіз адамдармен таласып-тартыспа!

* Бір нәрсені немесе бір адамды мақтаған кезде асыра сілтеп жіберме!

* Бір жиында отырғаныңда басқа нәрселермен әуре болма!

* Бір жиында отырғаныңда дене мүшеңнің бір жерімен ойнама!

* Ел көзінде абыройыңды түсіретін сөз және әрекеттерден аулақ бол!

* Әдемі сөздерге мән беріп құлақ сал!

* Қажеттілігінен артық мөлшерде иіссу қолданба!

* Бірқатар армандарыңның орындалуы үшін басыңды име!

* Ақшаңның толық мөлшерін бала-шағаңа білдірме!

* Біреумен сөз таластырғанда салмақтылық пен байсалдылығыңды жоғалтпа!

* Қатты қобалжып, бетің қызарып жүрмесін!

* Саған жаман мәміле көрсетілген болса да сен лайықты мәміле көрсет!

* Әр уақытта қарапайым бол және жұмсақ мәміледе бол!

* Бай адамның бергендеріне қарсы бас июден сақ бол!

* Сөз берген болсаң, оны табандылықпен орындауға тырыс!

* Сөйлеген кезіңде тек қана дұрыс сөйле!

* Барлық жерде орынды сөздер айт, әдемі сөйлеуге тырыс!

* Деннің саулығын сезінгің келсе аз жеп-іш!

* Тыңдаушың бар болса ғана сөйле!

* Кейбір сөздерді қайта-қайта айтып, қайталап тұрма!

* Ешкімді алдама және ешкімді мазақ етпе! Өтіріктен тыйыл!

* Көпшілік жерлерде түкірме!

* Сатқан затыңды ұнатпай, кері қайтаратын болса ал!

* Қатты шөлдеген болсаң, алдымен аузыңды шай, кейін су іш!

* Базарда жүргеніңде ешкімді ренжітпе!

* Ешбір затты иесінің рұқсатынсыз алма да, қолданба да!

* Аузыңда тағам барда сөйлемеуге тырыс!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: