Қара жалынның құпиясы

Қара жалынның құпиясы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір мұсылман мемлекетінде намазхан жігіт ядерная физика саласындағы ғалым досына барып уағыз айтады. Физик досы әдеттегідей уақыты жоқ, жұмысы көп, жүрегі таза, ниеті түзулігін алға тартып, дін ұстана алмайтынын кесіп айтады. Дінтанушы жігіт оттың белгілі бір температурадағы түсінің қандай болатынын сұрайды. Физик еш қиналмастан ол градустағы оттың қып-қызыл болатынын айтады. Досы сол температураны ондаған есе күшейтсе оттың қандай болатынын сұрайды. Физик тағы да еш қиындықсыз ол кезде от күн секілді аппақ болып лапылдайтынын дәлелдеп береді. Досы «Егер ол отты тағы мың есе қыздырса, не болар еді?» деп қоймайды. Физик: «Ондай түсті адам баласы әлі көрген емес. Бірақ физика заңы бойынша, ол от қап-қара болып жануы керек», – дейді. Сонда досы: «Онда мына қызықты қарашы; Алла айтты: отыны адамдар мен тастардан болған Тозақты мың жыл жаққанымызда ол от қып- қызыл боп жанды. Біз оны тағы мың жыл қыздырғанда, от аппақ жалынға айналды. Тағы да мың жыл жаққанда от қап-қара болды. Адамдар күнәларына қарай осы оттарда жазаланады» деген мағынадағы құдси хадисті айтқанда, физик шошып кетеді: «Адамар он төрт ғасыр бұрын қара түсті от болатынын білуі мүмкін емес еді. Ендеше, бұл расында Алланың айтқаны», - деп иман келтіріпті.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: