Бір күні хазіреті Әбу Сайд Әбул-Қайырден былай сұрады:
- Пәленше адам судың үстінде жүреді екен, бұған не дейсіз?
 Әбу Сайд:
 - Мұнда таңқалатын не бар. Үйрек пен құрбақа да суда жүзеді ғой, - деп жауап берді.
 - Пәлен деген адам ауада ұшады екен, - деп сұрады. Оған да:
 - Шыбын мен құстар да ұшады ғой, - деп жауап берді.
 - Пәлен адам, бір мезетте бір қаладан екінші қалаға барады, - дегенде,
 - Шайтан да бір демде шығыстан батысқа бара алады. Мұндай істердің дінімізде ешқандай маңызы жоқ, - деді.
 - Олай болса, дініміздегі ең басты нәрсе не? - деп сұрағанда:
 - Ең бастысы – өмірдің талап-шарттарымен санасу. Осы талап-шарттарды орындау барысында Алланы естен шығармай, Оның қағида-құралдарына сай әрекет ете білу, - деп жауап беріпті.
asyldin.kz


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

