Өзін өзгеден ерек санайтын шешен жігіт адамдар күтіп қалған шығар деген оймен қадамын шапшаң басып конференция залына кіріп келді. Бірақ ол ойлағандай болмады. Залдың алдыңғы қатарында жалғыз атбағушы ғана отыр. Одан басқа жан пенде жоқ. Мұны көрген жігіттің көңілі түсіп, лекциясын айту-айтпау жайлы екі ойдың ортасында шешім қабылдай алмай біраз тұрды да, атбағушымен ақылдаспақ болды:
- Мұнда келген жалғыз сен екенсің. Қалай қарайсың, лекцияны жүргізейін бе әлде жүргізбейін бе?
- Менен сұрап қайтесіз, мен қарапайым ғана атбағушымын ғой. Бұл жайлы сізге ештеңе дей алмаймын. Бірақ мен қораға кіргенде, аттардың барлығы қашып кетіп, бір ғана ат қалса, мен оған жем-шөбін беріп, қараған болар едім. Атбағушының берген жауабы жігіттің көңілінен шығып, лекциясын бастап жібереді. Екі сағаттай тоқтаусыз сөйлеп, өзін ерекше бақытты сезінді. Айтқандары тыңдаушының да көңілінен шықты-ау деген оймен былай деп сұрақ сұрады:
- Әңгіме қалай ұнады ма?Атбағушы біраз ойланып тұрды да, былай деп жауап берді:
- Мен саған жаңа ғана, мен қарапайым атбағушымын, бұл мәселе жайлы ештеңе айта алмаймын деп айтып едім ғой. Бірақ сонда да, егер қорадан бір аттан басқасының барлығы қашып кеткенін көретін болсам, оған жем-шөбін берер едім, бірақ қолымдағы бар жемді оған бермеген болар едім.
asyldin.kz