Бізді де ұмытпа

Бізді де ұмытпа

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазірет Омар (р.а.) бір күні Пайғамбарымызға (ﷺ)келіп ұмра жасау үшін рұқсат сұрайды.

Ол рұқсат беріп тұрып: –  Омар, дұғаңа бізді де қосуды ұмытпа, – деп өтінді. Омар (р.а.) бұған есі шыға қуанады. Оның қуанышы өз қалауына тиісті рұқсатын алғанына емес, адамзаттың ардақтысының өзінен дұға ет деп сұрауына байланысты туындап еді.

Осы сәтті ылғи да еске алып: «Ол мен естіген ең қымбат сөз еді. Қуаныштан төбем көкке екі-ақ елі жетпей қалғаны есімде», – деген екен. 

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: