Қазынаң – екі жұтым су

Қазынаң – екі жұтым су

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байлығының көптігімен елге танымал болған бір хан болыпты. Ол барған жеріне өзін көрсету үшін қазынасынан мол-мол алып баратын әдеті болған екен. Ханның өзіне сенімді, ақыл-кеңесін беріп отыратын кеңесші ұстазы болыпты. Күндердің бір күні дастархан басында кеңесшісіне былай деп сұрақ қояды:

- Сен хикмет-сырлардан біраз хабарың бар, ғылымға ден қойған білімді адамсың. Мен сенен бір мәселе жайлы пікіріңді білгім келеді. Сен осы менің хандығым мен қазынам жайлы не ойлайсың? Білімді адам ханның сұрағына жауап беру үшін былай деп сөз бастайды:

- Хан ием! Сіз шөл далада жападан жалғыз сусыз қалып қойдыңыз делік. Жаныңызды аман алып қалу үшін сізге біреу бір жұтым су ұсынса, қазынаңыздың жартысын берер ме едіңіз? 

- Беремін, әрине.

- Араға біраз уақыт салып, тағы да шөлдей бастадыңыз. Тағы да тірі қалу үшін сізден қазынаңыздың жартысын сұрар болсам берер ме едіңіз? Хан біраз ойланып тұрды да:

- Өлмеу үшін беремін ғой, - дейді. Сонда білімді адам езу тартып, былай дейді:

- Олай болса, қазына-байлық мақтанып көкірек керетін нәрсе емес екен. Өйткені сіздің қазынаңыз екі жұтым су ғана. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: