Мәдинелік мұсылмандардың бiрi Пайғамбарымызға (ﷺ) келiп, көмек сұрайды. Ол мұсылманнан: - Үйiңде ештеңе жоқ па? - деп сұрақ қояды.
Әлгi кiсi: - Бiр жағын үстiмiзге жамылып, бiр жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су iшетiн ыдыс қана бар, - дейдi.
 Пайғамбар (ﷺ):
 - Бар да соларды маған алып кел, - деп қайтарып жiбередi. Аз уақыттан соң ол заттарды алып келедi.
 Пайғамбар (ﷺ):
 - Мынаны кiм сатып алады? - деп сұрайды.
 Мұсылмандардың бiрi:
 - Мен бұларды бiр динарға сатып аламын, - дейдi.
 - Одан көп беретiн адам бар ма?
 - Мен екi динар беремiн, - дейдi бiреу.
 Пайғамбарымыз (ﷺ) екi динарды әлгi кiсiге берiп:
 - Бiр динарға отбасыңа жейтiн бiр нәрсе ал, бiр динарға балта алып, маған кел, - дейдi. Оның алып келген балтасын Алла Елшiсi (ﷺ)өз қолымен саптап берiп:
 - Ендi таудан отын кесiп әкелiп сат. Он бес күндей сенi бұл жерден көрмейтiн болайын, - дейдi.
 Ол адам он бес күннен кейiн келедi. Он бiр динар тауып, жартысына тамақ, жартысына киiм алған екен.
 Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ):
 - Осылай енбектенiп, тапқаның қайыршылық жасаудан әлдеқайда артық. Қолыңнан iс келе тұра тiлемсектенiп, бiреулерден жәрдем сұрау ақыретте жүзiңе қара дақ болып жағылады, - дедi.
asyldin.kz


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

