Алла барлығын көруші

Алла барлығын көруші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Омар ибн Хаттабтың (р.а.) халифалық құрған кезінде Мәдинедегі мұсылмандардың жағдайымен етене танысып, тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көру үшін түрі мен киімін өзгертіп, қасына қызметші жігітін ертіп, іңір қараңғысы түскен соң қаланы аралайтын әдеті болатын.

Сол әдетімен бір күні қала ішінде жүріп шаршаған соң бір үйдің қабырғасына арқасын сүйеп демалып тұрған кезде үй ішінде бір әйелдің өз қызына бұйырып: “Әй, қызым, тұр. Мына сутке су қосып араластыр,” - деген сөзін құлағы шалады. Оған қызы: “Ей, анам, халифа Омар ибн Хаттабтың адамы келіп, сүтке су қосып айла жасамауды ескерткен жоқ па?” - деп қарсылық білдірді. Сонда шешесі оған: “Халифа қайда, біз қайдамыз?! Бізді ол көріп тұр деймісің? Тұр, айтқанымды орында,” - деп бұйырады. “Егер бізді муміндердің әміршісі, халифа көрмесе, әміршінің де бәріміздің де Раббымыз Алла Тағала көріп тұрган жоқ па?! Алла атымен ант етемін, мен ешқашан Алла алдында күнәлі іс істеп, халифа әміріне теріс нәрсе жасамаймын," - деп қызы да алған бетінен қайтпайды.

Жас қыздың бұл сөзін үй сыртында естіп тұрған халифа Омар ибн Хаттаб (р.а.) оған разы болып, ертесіне ұлы Асимға тақуалығы ұнаған сол қызға үйленуге кеңес береді. Ұлы әкесінің талабын орындап, ол қызға үйленеді. Ол әйелден туылған қызы бойжеткен соң тұрмысқа шығып, одан ізгі халифалардың бесіншісі саналатын Омар ибн Абдул Азиз туылады. Кейіннен ол да халифа атанып, елін әділдікпен басқарды. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: