Мұсылман болғанымның себебі

Мұсылман болғанымның себебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні Халифа Мәмунның алдына бір еврей келеді. Сосын ағынан жарылып әңгімесін бастады. Мәмун әлгі адамға разы болып, Исламға шақырады. Яһуди бұған келіспеген кейіп танытады. Араға бірнеше жыл салып әлгі яһуди Исламды қабылдап, Мәмунның алдына қайта барады. Фиқһ жайлы мәліметі молырақ болатын. Мәмун оны әңгімеге тартып, мұсылман болуының себебін сұрады. Сонда ол былай деп жауап берді: - Сіздің алдыңыздан кеткеннен кейін, діндердің арасын салыстырып, сынап көргім келді. Алдымен Таураттан бастадым.

Оның үш нұсқасын жаздым. Бірақ кітаптардың арасына азырақ қосып-алғаным болды. Үшеуі бір-біріне ұқсамайтын. Оларды яһудилердің ғибадатханасына алып бардым. Барлығын сатып алды. Сосын Інжілді алдым. Мұның да кейбір жерлерінен алып тастап, кейбір жерлеріне қосып үш нұсқа жаздым. Сосын шіркеуге саттым.

Кезек Құранға келді. Бұған да өзгерістер енгізіп үш нұсқа жаздым. Сатпақ болып барғанымда кітапты ары-бері парақтап өзгерісті байқады да алмай қойды. Сол кезде Құранның бұзылмай сақталғанына көзім жетті. Міне менің мұсылман болғанымның себебі осы. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: