Үлкенге құрмет

Үлкенге құрмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халифа Әли ибн Әбу Талибтың (р.а.) екі ұлы Хасанмен Хусейн мешіт ішінде отырғанда жасы келген бір қарияның дәретті дұрыс алмағанын байқайды. Ол кісі мешіт ішіне кіріп намазға тұрады. Хасан мен Хусейн оның намазды да шарттарын бұзып оқығанын көреді.

Қарияның қатесін түзегілері келгенімен, өздерінің жасы одан кіші болғандықтан оған дәретті қалай дұрыс алуды, намазды шарттарымен қалай дұрыс орындауды үйретуге ұялады. Олар ақылдаса келіп қарияның алдында дәрет пен намазды қайсысының дұрыс орындайтындығы жөнінде жарыс өткізіп, төрелігін қариядан сұрауға келіседі. Сөйтіп, екеуі қарияның алдына отыра қалып, бір-біріне дәретті қалай алуды көрсете бастайды. Ондағы мақсаттары үлкен кісінің қатесін осылай сыпайы түрде көрсету болатын.

Екеуінің сөздеріне құлақ түріп, әрбір қимылдарын бақылап отырған қария өзінің дәрет алу мен намаз оқудағы кемшіліктерін түсінеді. Хасан мен Хусейн келіскендеріндей қарияның жанына келіп, кімнің өте дұрыс орындағанына төрелік етуін сұрайды. Ол кісі қысылып: “Айналайындар, сендердің екеуің де өте жақсы орындадыңдар. Сендерге қарап өзімнің дәретті де, намазды да дұрыс атқармайтыныма көзім жетті," – деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: