Бергенін өзімдікі деп санау

Бергенін өзімдікі деп санау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Айша анамыздан (р.а.) келген мына бір риуаят ойландырмай қоймайды: «Сахабалар бір қой сойды. Осы кезде тіленші келді. Оған еттің бір бөлшегін берді. Осыдан кейін тағы да келушілер болды. Оларға да үлестірді. Сонда да ет қалды. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қойдың несі қалды?». «Тек бір саны», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Бір сан етінен басқасы біздікі болды десейші» (Тирмизи, Қиямет, 34).

Бергенін өзімдікі деп санайтын, яғни барлық нәрсені ақыреттік өміріне қарай бағамдау керектігін білдірген хазіреті Пайғамбардың (ﷺ) ұстанымы барша мұсылмандарға тамаша үлгі. Өмірін Құранға негіздеп өткен Алла Елшісі (ﷺ) «Нахыл» сүресінің 96-шы аятын еріксіз еске түсіреді: «Сендердің жандарыңдағы дүниелік түгейді де Алланың қасында қалады. Әрине, сабыр еткендердің сыйлығын, істеген істерінен де жақсырақ береміз».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: