Таразда 1 млн 650 мың теңге қайырымдылық жасалды

Таразда 1 млн 650 мың теңге қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағала «Сәбә» сүресінің 39-аятында: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - дейді. Алланың әмірі мен пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиетін амалға асыруды көздеген дін мамандары игі де көлемді іс-шараларды өз күнтізбесіне түзелтті.

Оның бір көрінісі, Тараз қаласында 110 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасын "Құлбай баба" мешітінің имамы Талғат Сматов пен халыққа жәрдем қолын созып жүрген "Береке" қайырымдылық қоры атқарды.

Шөлдала өңірінде орналасқан  11 округ тұрғындарына яғни әр шаңыраққа 15 мың теңгені құраған қажеттіліктер алынды. Ал барлық қайырымдылыққа жұмсалған қаражат 1 млн 650 мың теңгені құрады.

Тараз имамдарының айтуынша, ақпан айында мұқтаж отбасыларға арнап жалпы 10 вагон көмір түсірілмек жоспарда бар. Ал аталған көмекті алатын отбасылар тізімі әкімшіліктен әлдеқашан алынып қойған. 

Осындай тонаға тұйық тон терісін жабылған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қуантар шаралар көп болсын деп тілейміз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: