Жамбыл ауданында екі бірдей игі жиын өтті

Жамбыл ауданында екі бірдей игі жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы қала маңы ауылында орналасқан "Қажетәміл Мәдина" мешітінде имам-молдалар жиыналысы өтті. Жиынды ауданның бас имамы Ғарифолла Әмірбек жүргізді. 

Шарада биылғы жылы атқарылатын барлық жұмыстар мен жылдық жоспар талқыланды. Дін мамандарына мүфтияттың тапсырмасы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына арналған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Мәжіліс соңынан жамағаттың басын бір дастарханға біріктірген айлық дастархан өтті. Көпшілікке дін тұрғысында түрлі тақырыптарды қозғаған уағыз айтылды. Жамағат көкейкесті сауалдарына мардымды жауаптар алып, ай сайын осындай жиында кездесіп, бірліктерінің арта беруін тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: