Жамағаттар арасындағы ынтымақ-бірлік аясында «Жақсымбет» мешітінде айлық дастархан жайылып, мешіт жамағаттары бас қосты. Ежелден белгілі ынтымақ-бірлік бар жерде тыныштық, ауызбірлік, сыйластық, адамзат баласына бір-біріне деген мейірім-махаббат орнайтыны анық. Өмірден алынған дүние ғой, қастандық жасағандарға ата-бабаларымыз «Таспен атқанды аспен ат» деген, ойланған адамға мағынасы терең ұғым. Дастархандас болып, бір нанды бөліп жеген ақыл-санасы бар адам, еш жаманшылыққа бармауы керек. Осы мақсаттарды шара тұтып, жақсылық, бірлікте болу аясында, аудан мешіттерінде әр ай сайын айлық дастархан жайылып, жамағаттар жүздесіп жатыр.
Дастархан басында, дін қызметкерлері бауырлас болу, отбасы, жанұя мәселесі, бала тәрбиесі, ата-анаға құрмет, шариғат тәртіптері жайлы уағыздар айтылып, марқұмдарға Құран бағышталып, ынтымақты-бірлікте болуымызға дұға жасалып жатыр.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті