Сабаға түсу

Сабаға түсу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір жолы Хасан ибн Әли (р.а.) дастарқан басында қонақтарымен отырғанда, тамақ әкеле жатқан күңі аңдаусызда сүрініп кетіп, ыстық ас халифаның үстіне төгіледі. Сол мезет не істерін білмей қорыққан күңі: «Тақуа құлдар ашуын жеңе біледі», – деген аятты оқиды. Мұны естігенде хазреті Хасан (р.а.): «Бопты, ештеңе етпес», – деп сол мезет сабасына түседі.

Бірақ күңі: «Олар кемшілік жібергендерді дереу кешіреді», – деген әлгі аяттың жалғасын да еске салады. Мұны естігенде хазреті Хасан (р.а.) екі сөзге келмей: «Мейлі, сені кешірдім», – дейді. Қызметшісі: «Алла жақсылық жасаған құлдарын жақсы көреді» («Ғимран» сүресі, 134аят), – деп аяттың соңын оқығанда, Хасан (р.а.): «Онда Алла разылығы үшін, басыңа бостандық бердім, бүгіннен бастап азатсың», – деген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: