Әлидің (р.а.) тіленшімен тілдесуі

Әлидің (р.а.) тіленшімен тілдесуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үбәйдуллаһ ибн Мұхаммедтің (р.а.) риуаяты бойынша бірде қайыр тілеп жүрген біреу мүміндердің әміршісі хазірет Әлидің есігін қақты. Әли (р.а.) Хасан немесе Хұсейінге «Анаңа алты дирхам берген едім. Соның бірін алып кел» деп жұмсайды. Хасан әлде Хұсейін (қайсысы екені белгісіз - авт.) қайтып келіп «анам оған ұн алмақшы» дейді.

Әли (р.а.): «Мүмін Алланың жолында жұмсамай қолында сақтағанды артық көрсе, онда оның иманы толық болмағаны» деп, әлгі дирхамның барлығын алып келуін әмір етеді. Хазірет Фатима анамыз (р.а.) алты дирхамды баласынан беріп жібереді. Әли (р.а.) бұл қаражатты қайыршының қолына ұстатады. Сол арада түйесін сатпақ болған бір адам келе қалды. Әли (р.а.) түйенің бағасын сұрайды.

Сатушы: «Жүз қырық дирхам» деп нарқын айтады. Әли (р.а.) саудаласып жатпастан: «Түйеңді маған қалдырып кет. Ақшасын кейін беремін» деп түйені алып қалады. Осы кезде түйе сатып алғысы келген басқа біреу: «Бұл кімнің түйесі?» деп сұрады. Әли (р.а.) «Менің түйем» деді. «Түйеңді маған сатасың ба?» «Сатамын». «Қанша сұрайсың?»

Әли (р.а.): «Екі жүз дирхам» деді. Сатып алушы бұл бағаға екі сөзге келмей келісе кетеді. Хазірет Әли (р.а.) алғашқы түйенің иесіне қарызын, яғни жүз қырық дирхамын қайтарып берді. Қалған алпыс дирхамды Фатима анамызға (р.а.) алып келгенде ол «Бұларды қайдан алдың?» дейді таңдана. Сонда Әли (р.а.) бұл Алланың Елшісі (ﷺ) арқылы бізге уәде еткен сыйы. Сонымен қатар, «Кімде-кім Алла Тағалаға бір жақсы амалымен келсе, оған жасаған амалының он есесі беріледі» (6:160) деп Құран аяттарымен жауап берген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: