Қабыл болған тілек

Қабыл болған тілек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) келтірген: «Күпірліктегі анамды әрдайым Исламға шақыратынмын. Тағы бір күні анама ислам туралы айта бастағанымда, ол Пайғамбарымыз (ﷺ) туралы ұнамсыз сөздер айтты. Алла Елшісіне (ﷺ) бардым да жылап тұрып: «Уа, Расулуллаһ! Анамды Исламға шақырғанымда сізге тіл тигізді. Аллаға дұға етіңізші, анама тура жолды нәсіп етсін», – дедім. Пайғамбарымыз (ﷺ)  сол мезет қолын жайып: «Иә, Алла Тағалам! Әбу Хұрайраның анасын тура жолға сала гөр», – деп дұға етті.

Қуанып кеттім. Дереу үйге асықтым. Үйге келсем, есік іштен құлыптаулы тұр екен. Анам аяғымның дыбысын естігенде, менің келгенімді сезіп «Әбу Хұрайра, тұра тұр» деді. Судың сылдырын естідім. Біраздан соң анам киініп, басына орамал тағып, есікті ашып «Куәлік етемін, Алладан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ. Куәлік етемін, Мұхаммед Алланың Елшісі» деді. Мен дереу Пайғамбарымызға (ﷺ) барып, болған жайтты айттым. Ол кісі де қуанды. Аллаға шүкіршілік айтты. Маған «Қайырлы болсын» деді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: