Пайғамбарымыздың (ﷺ) кеңесі

Пайғамбарымыздың (ﷺ) кеңесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Хужәйми тайпасының бір кісісі Пайғамбарымызға (ﷺ) барып: «Сен шынымен Алланың Елшісісің бе?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Иә» деп жауап берді. Әлгі кісі: «Елге нені уағыздап жүрсің?» деп сұрады.

«Құрмет пен құдіретке ие, бір Аллаға сенуге шақырамын. Зиянға ұшырап, қиындық шексең, көмек күтсең, Ол сені қиыншылықтан құтқарады. Қандай да бір жұтқа, жоқшылыққа ұшырағанда Оған жалбарынсаң, барлық қиындықтан құтыласың. Шөлде адасқан кезінде Оның рақымдылық есігін дұғамен қағатын болсаң, жолыңды табасың» деді. Сонда әлгі хужәймдік кісі сол жерде мұсылман болып: «Уа, Алла Елшісі! Маған қандай ақыл-кеңес бересің?» дейді. Алла Елшісі (ﷺ): «Еш нәрсені, ешкімді балағаттама» деп жауап береді. Хужәймдік кісі «Сол күннен бастап жанды-жансыз еш нәрсені балағаттаған емеспін» деп еске алған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: