Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде ауыл имам- молдаларының кезекті жиналысы болды. Жиналыста ҚМДБ-ның құрылғандығына 30 жыл толуына байланысты Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов жиналған имам-молдаларды құтықтап, жылдар бойы қызмет атқарып келген ақсақал имамдарға алғысын айтты.
Жиналыста осы жылдар арасында көптеген іс – шаралардың болғандығын атап өтті. Ендігі кезекте сізбен біз халықты ыңтымаққа бірлікке шақыра отырып ҚМДБ дан келген тапсырмаларды уақытылы орындап әр бір іс – шарада белсенділік таныту керектігін тапсырды.
Биыл 2020 жылы облыс деңгейінде футболды Байзақ ауданы ұйымдастыратыны, РАНТ-ның мүшелерін ауданға шақыру, қайырымдылық іс-шараларын белсенділікпен атқару, медреседе оқып жатқан шәкірттердің оқу ақысын төлеу, аудан деңгейінде құран жарысын ұйымдастыру, имамдардың гуманитарлық, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында оқу мәселелері айтылды.
Сондай – ақ кезекті жиналыстар аудандық мешітте емес ауылдық мешітте өтетіндігін, Байзақ аудандық мешітінің бас имамы Азизов Рамиз жұма намазын кезекпен аудан мен ауыл мешіттерінде өткізетіндігін айтты.
Жиналыс соңында ауыл имам молдаларының ұсыныс пікірлері тыңдалып жылдық жоспар бекітілді.