Ауданға қарасты елді-мекендердегі мешіт имам-молдалардың басын қосып, жаңа жылда бірінші отырысы болды. Облыстан келген жылдық тапсырма ауқымды ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Республикалық имамдар форумындағы қабылданған құжаттар «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, ҚМДБ-ның атқаратын діни рәсімдер тізілімі, ҚМДБ-ның құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі сынды бағдарламасы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл, осындай ауқымды іс-шаралардың орындалу барысы жайында айтылды.
Имам-молдаларға жүктеліп отырған іс-шара оңай шаруа емес. Форумда қабылданған құжаттар ары қарай жұмыс істеп, нәтижесіз болмау керек. Бұхара халықпен жұмыс істеуіміз керек. Семинарлар, қоғамдық келісім орталықтарымен жиын отырыстарда насихат жұмыстарын жүргізелік.
Екінші қаралған нәрсе, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі бойынша негізгі жұмыс бағыттарын айқындап, іс жүзінде асыру.
Үстіміздегі жылы 15-ші қаңтарында аудандық мешітте өткен ауданға қарасты имам-молдалардың жаңа жылға арналған жұмыс жоспары, облыста өткен жиналыста бекіткен 9 тармақтан тұратын кесте бойынша жұмыс атқаруымыз керек. Бас имам Қасымалиев Батырбек қажы күн тәртібіндегі мәселелерге жеке тоқталып, орындалуын имам-молдаларға тапсырды.
Құрметті имам-молдалар сіздерге ескертетін нәрсе, жиналыста қаралған мәселе бойынша әр айдың басына тапсырманың қандай деңгейде орындалып жатқанынан мәлімдеме бересіздер. Осы іс-шара бойынша тоқсан сайын есеп беру жиналысы өтеді деп сөзін аяқтады. Жиналыс соңында бата беріліп, дұға жасаумен аяқталды.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті