Діни бірлестік басшылары жылды қорытындылады

Діни бірлестік басшылары жылды қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарында Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйытқы болуымен Діни бірлестіктер басшылары Клубының қорытынды отырысы өтті. 

Түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жолдарымен ой бөлісу және іске асыруға ат салысу мақсатында өткен жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл мен қала имамдары қатысып қайтты. Сонымен қатар іс-шараға облыс аумағында жұмыс атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен тиісті мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері қатысты. 

Отырыста басқарманың бөлім басшысы С.Байбатшаева сөз сөйлеп, Облыс әкімдігі дін істері басқармасының діни бірлестіктер басшыларымен бірлесіп атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. 

Бас имам тәуелсіздікке жетудегі жетістіктер мен қоғамдағы татулық пен тұрақтылық жайлы тілге тиек етті. 

Шара соңында облыс халқының рухани құндылықтарының дамуына және конфессияаралық келісімнің нығаюына қосқан үлесі үшін діни бірлестік өкілдері соның ішінде,  бірнеше мешіт имамдары алғыс хаттармен марапатталды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: