ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНУДЕ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Пәтуа беру" бағыты бойынша 2-ші орынға қол жеткізді.

Бұл жайлы Нұр-сұлтан қаласында өткен «Мұсылман зиратының тәртібі және әдептері» атты семинарда мәлімделді. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысқан жиында  пәтуа жұмысының қорытынды есебі жасалды.  

Жасалған жұмыстарға сараптама жасау барысында Жамбыл облысының дін мамандары көпшіліктің 859 сұрағына жеке кездесу арқылы, телефон, пошта, телеграмм желісі бойынша жауап беріп, облыстар ішінде 2-ші орыннан көрінді. Өңірдегі "Пәтуә беру" жұмысына жауапты ҚМДБ-ның Жамбыл облысының бас имамы Қанат Жұмағұл мен көмекшісі, "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Наркес Боханов. Ал пәтуә жұмысы бойынша көш бастап тұрған Нұр-сұлтан қаласы болды. 

Айта кетсек, жалпы барлық бағыттағы жұмыстардың есептік көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан кейін 3-ші орынды иеленген болатын. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Әулиеаталықтардың еңбегін жоғары бағалап, аталған жетістіктер үшін ҚМДБ Төрағасы Жамбыл облысының бас имамын алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, семинар соңында өткен жылдың жұмысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен пәтуаға жауапты қызметкерлер мен бөлім мамандарына арнайы сертификат табыс етілді. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: