Ислам үнемі жетім балаларға қамқор болуға, олардың ақысын жемеуге, бастарынан сипап желеп-жебеп жүруге бұйыратын дін. Сонау он екі ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан ата-бабамыз да «Жетім көрсең, жебей жүр» деп осы тәрбиені ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.
Осы бір ұранды ұстанатын өңіріміздің мешіттері мүмкіндігі шектеулі 4 бала мен Сармолдаев балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған ерекше кеш ұйымдастырды. "Ар-рахман ар-рахим" және "Айсұлу ана" мешіттерінің ұйытқы болуымен "Барчиной" дәмханасында арнайы дастархан жайылып, балалар қонақ болды. Іс-шарада сыйлы қонағымыз болған балаларға ойыншықтар мен сыйлықтар табысталды.
Ал мешіт имамдары дәмхана иелері Шокир Закиров пен жары Каромат апайға өз алғыстарын жаудырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі