Шу аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы «Кәрібай молда» мешітінің жамағатымен жүздесті.
Бас имам жиналған жамағатқа «Дәстүрлі емес діни ағымдар» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ, ханафи мазхабының құндылықтарына тоқталып, жамағаттың негізгі күші бірлік, бірлік бірізділіктен туындайтынын жеткізді. Сонымен қатар діни ағымдардың жетегінде кетпей, дінге пайдамыз тимеседе, зиянын тигізбеуге шақырды.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



02 Қараша 2025
11 Джумада-авваль 1447

