Қордай халқы Мәуліт мерекесін атап өтті

Қордай халқы Мәуліт мерекесін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық Мәдениет үйінде аудандық мешіттің ұйымдастыруымен  ардақты Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеші өтті.

Рухани шараны ашқан Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахметов  жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыздың өнегелі өмірін сыр шертті. «Өнер қырандары» театры қойылымдар қойып, елді сүйсіндірсе, Тараз қаласы «Әулие-ата» мешітінің имамы Ораз Баймаханов қазақша мәуліт оқыды. Рухани кешке арнайы шақырылған Сержанәлі Алибек діни өлеңдерін орындаса, Серік Адай пайғамбарымызға домбырамен арнауын айтты.

Мәуліт айында мұсылман үмбеті Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сан мың салауат, мадақ айтып, шүкірлік етіп, ғибратты істер жасап, сауапқа бөленеді. Мерекеге атсалысқан жамағаттарға, жиналған қауымға кеш қонақтарына Қордай ауданының бас имамы Куттыбаев Даурен алғысын білдірді. Сондай-ақ кеш соңында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Қанат Жұмағұлдың алғыс хаты мен ауыл имамдырының белсенді іс атқарып жүрген имам-молдаларға берген алғыс хатын табыс етті. Рухани кеш соңы ақ дастарханмен жалғасты.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: